15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін - Н.Назарбаев


«Ортамерзімді перспективада инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету үшін ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін. Сондай-ақ мұндай саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, реттелетін баға мен тариф саласындағы саясатты анықтау бойынша кешенді шараларды әзірлеуді тапсырамын. Бұл түсінікті ме? Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.