15 сәуірде Қазақстан, Беларусь және Ресей премьерлері Мәскеуде еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылайды


Бұл туралы сәрсенбі күні РФ үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, үш жақты келіссөздер барысында РФ премьері Д.Медведев, Қазақстан премьері К.Мәсімов пен Буларусь премьері М.Мясникович еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелерін ортаға салып, Еуразиялық экономикалық одақ жобасын әзірлеу жайын пысықтайды.