15 тамыздағы жағдаймен 620686 субъект ауыл шаруашылығы санағына алынды



Мекеме ақпаратына сәйкес, 15 тамыздағы жағдай бойынша 40 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалықтары санаққа алынды, бұл осы күнге белгіленген межеден 7,6%-ға көп, 500 мыңға жуық үй шаруашылықтары саналды, яғни 24% көп. Саяжай учаскелерінің санағы белгіленген санның 79,2% құрайды.

Осы күнге санақ жүргізуден алға озып шыққандар да анықталды: шаруа (фермер) қожалықтары бойынша - Атырау (119,7%) және Оңтүстік Қазақстан (116,6%) облыстары; үй шаруашылықтары бойынша - Маңғыстау (192,9%), Алматы (144,7%) және Атырау (142,1%) облыстары.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы субъектілерінің санағында бүгінгі күнге белгіленген межеге жете алмай артта қалған, шаруа (фермер) қожалықтарының 64%-ын ғана санаққа алған Ақмола облысы және Ақтөбе облысы - 75%; үй шаруашылықтары бойынша - Жамбыл облысы - 83%. Саяжай учаскелерінің санағы бойынша Атырау облысы едәуір артта қалып отыр, белгіленген 1589 саяжайдың орнына олар небәрі 112 саяжай учаскесін ғана санаққа алған; Ақмола облысында саяжай учаскелері бойынша осы күнге белгіленген меженің 36%, Павлодар облысында 60%-ға жуығы ғана санаққа алынған.