Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Шағын ғана Керегетас ауылы (Түркістан облысы). Нұрия ауыл мектебінде аспаз, 3 қыздың анасы. Отағасы 15 жыл бұрын қайтыс болған. Үлкен екі қызын күйеуге беріп, кішісі 15 жасар Нұриямен тыныш қана тұрып жатқан отбасы еді. Сары үйректей томпиған қызына жыл бұрын мектептегі дене шынықтыру мұғалімі қырындап, мазасын алады.
Мұндай жағдайды түсінбеген балауса қыз мән-жайды анасына жеткізген. Анасы директорға шағымданып, Абай ағайды мектептен шығарып жібереді. Оқиға мұнымен тынған жоқ. Көрген жерде кектеніп, қорғаусыз қыз бен әйелдің мазасын алған еркек ақыры түн жамыла келіп екеуін де өлтіріп тынды. Анасын ұйықтап жатқан жерінен кірпішпен басынан ұрған, ол төсегінде сеспей қатады. Ал, Нұрияға білгенін істеген, куәгерлер видеосын салдым. Тыңдаудың өзі қорқынышты.
Ендігі мәселе, марқұмдардың артында қалған қыздары ( жастары 21-19) барша жұрттың бұл қайғының ақиқатын анық біліп, тергеудің әділ жүруіне жанашыр болуын сұрайды.
Ауыл жұрты жиылып, қандықол күдіктінің үйіне барған. Олар қанышер сотталып, қалған үрім-бұтағының бұл ауылдан жыраққа көшіп кетуін талап етуде.
Куәгерлер айқай-шуды естіп үйге кіргенде Нұрияның тірі, ыңырсып жатқанын айтады. Жедел жәрдем 1,5 сағаттан соң, полиция одан да кеш келіпті.
Күдікті 3 баланың әкесі, отбасы бар еркек 29 жаста. Әйелі 4-не жүкті”, - дейді ол.
Журналист 15 жасар Нұрияға жасалған қылмысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Салтанат Нүкенованың қатыгез өліміне теңеді.
“Қатыгез өлім тағы қайталанды. 15 жасар Нұрия дәл Салтанат сынды азапталып, қиналып қайтыс болды.
Бүкіл бөлме қанға бөкті, дегенмен ол ыңырсып дауыс беріп көмек күтіп жатты. Үміті өшпеді…
Бірақ, жедел жәрдем 1,5 сағаттан соң келді. Полицияны скорыйдағылар шақырды дейді куәгерлер.
Қазір анасы мен қыздың жайын білмекке кіріп, төбе шашы тік тұрған көрші жеңгей ауырып қалыпты. Екі қыздың үлкені сұлқ түсіп жатып қалған.
Әпкем өзін-өзін тастап жіберді, жағдайы тым ауыр. Психологтың көмегі қажет” деп шырқырап жазыпты Райхан.
Айналайын, жақын маңдағы ауыл жұрты, әкімдіктегі мырзалар!
Басына кенеттен қайғы түскен қыздардың жасы 19 бен 21-де. Бір күнде 2 адамынан айырылып отыр. Қарайласыңыздар!
Қолдайық”, - деп жазды журналист.