Ашық түсті кеудеше киген жасөспірім көздегенін бірнеше минут айналшақтап, кетпей қойған. Саудагердің назары басқа тұсқа бұрыла салысымен, жәшікті ала жөнеліпті. Сорақысы сол, оның арсыз тірлігін анық көрген өзге сатушылар тілін жұтқандай үндемей қала берген. Дегенмен, ақпарат құралдары дабыл қаққаннан кейін, тергеушілер жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал көмекке мұқтаж сәбилерге тиесілі ұрланған ақша орнына қайта қойылған.