150 мектепте оқушыларға ыстық тамақ орнына пицца беріліп келген


Бірінші боп дабылды ата-аналар қаққан. Белгілі болғандай, тендерлерді ұтып алған фирмалар арзанқол өнімдерді сатып алып, ақша үнемдепті. Осылайша, сиыр етінен пісірілген сорпа мен күріш ботқасының орнына бастауыш сынып оқушылары фастфудпен тамақтанып келген. Енді алдағы қыркүйектен бастап тағамтану академиясы барлық асхананы қадағалауға алмақ. Негізі бастауыш сынып оқушыларына мектеп қабырғасында бір мезгіл ыстық тамақ беріліп тұруы тиіс. Міндетті тағамдардың қатарына шырын мен көкөніс, жеміс-жидектер де кіреді.