15-16-сәуірде Елбасы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барады

Бұл Қазақстан мемлекет басшысының Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті болып сайланғаннан кейінгі осы елге алғашқы сапары.

Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасылады деп күтілуде.
Алдын-ала мәлімет бойынша, 19-22 сәуірде Елбасы ресми сапармен Германияға барады.
16-сәуірде Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов те екі күндік жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барады деп күтілуде.