16 мамырда «Astana Piano Passion» байқауының жеңімпаздары анықталады

Классикалық музыка фестивалінің жабылу салтанаты жас пианистер байқауының қатысушылары мен қонақтарына көптеген тосын сый сыйлайды. Нақ осы жерде байқаудың ең қызық сәті - жеңімпаздардың есімдері жарияланатын болады. Бұдан басқа, іс-шара қонақтары қазіргі заманның ең кішкентай жарқын пианистерінің өнерлерін тамашалай алады.

«Astana Piano Passion» фестивалінің жабылуы 16 мамыр күні «Астана Опера» опера және балет театрының негізгі залында өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген жас өнерпаздар үшін елорданың заманауи концерттік залдарында өнер көрсету олардың талаптарын қанаттандыруда керемет тәжірибе болмақ. Жабылу салтанатында қазақстандықтар тыңдайтын балалардың көбі көп күттірмей-ақ әлемдік жұлдыз атануы да әбден мүмкін, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінен.