16 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 52,06% дауыс берді

Атап айтсақ, ОСК мәліметтерінше, Ақмола облысында тіркелген сайлаушылардың 53,78%-і , Ақтөбе облысында - 51,15%, Алматы облысында - 69,81%, Атырау облысында - 58,64%, Шығыс Қазақстан облысында - 59,1%, Жамбыл облысында - 60,07%, Батыс Қазақстан облысында - 40,27%, Қарағанды облысында - 52,61%, Қызылорда облысында - 64,74%, Қостанай облысында - 63,37%, Маңғыстау облысында - 33,9%, Павлодар облысында - 43,04%, Солтүстік Қазақстан облысында - 63,43%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 57,55%, Астанада - 28,77%, Алматыда - 16,55% дауыс берді.

Жоғары белсенділік танытқан Алматы облыстарының тұрғындары болса, ең жайбасар сайлаушылар Алматыда тіркелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті