16 жастағы оқушы Диана Әбішева "Алматы аруы - 2019" атағына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сұлулық байқауының ақтық сыны 7 сәуірде кешке оңтүстік астанада өтті.
Жеңімпаз №105 мектепте оқиды және модель болып жұмыс істейді. Ол ағылшын тілін меңгерген. Енді Диана "Қазақстан аруы - 2019" байқауына "Алматы аруы - 2018" Камилла Қожахановамен бірге барады.
"Қазақстан аруы" сұлулық сайысының финалы 2 мамырда елордамызда өтеді.
Loading...
Loading...
Loading...