Қазақстандық дипломат ҚР Үкіметі қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық жеңілдіктер туралы ақпараттан хабардар етіп, Хьюстонда орналасқан компанияларды Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен таныстырып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.
Аталған жоспарларды іске асыру үшін 2015 жылы Хьюстон қаласының бизнес өкілдерін Қазақстанға шақырды.
Хьюстондағы қазақ диаспорасы саны жағынан АҚШ-тағы үшінші орындағы қауым екенін ескере отырып, мәдени қарым-қатынастардың одан әрі дамуы туралы мәселелер талқыланды. Соның ішінде, екі елдің «мұнайлы астаналары» Атырау мен Хьюстонның бауырлас қалалар ретінде келісуі ұсынылды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша, Хьюстон қаласының басшысы Эннис Паркер ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығының атап өтілуіне орай, 2014 жылдың 16 желтоқсанын Хьюстондағы ҚР Тәуелсіздігі күні деп жариялады.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында қазақстандық Елші АҚШ-тағы арнайы медициналық орталықтардың бірі М.Д.Андерсон атындағы Онкологиялық орталығының басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында, Қайрат Омаровқа мамандар ісік ауруларын ерте кезеңде анықтайтын ғылыми зерттеулерді таныстырды. Кездесудің қорытындысы бойынша, тараптар аталған орталық мамандарының қазақстандық әріптестерімен кездесуін ұйымдастыру бойынша келісімге келді.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның құрметті консулы, «Шеврон» компаниясының Вице-президенті Дж. Прайор Техас штатынан сайланған конгрессмен Стив Стокманмен және америкалық мұнай компанияларының басшыларымен іс-шара ұйымдастырды. Парламент мүшелері мен бизнес өкілдері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық реформалар және ұлтаралық бітімгершілікке қосқан үлесін ерекше атап өтті.