160 млрд теңге жоғалған: "Астана банкінің" қызметкерлері сотталды

ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, ұрлау фактісін комитеттің экономикалық тергеу қызметі анықтады. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесінің есебінен 160 млн. теңге жоғалған.

"Астана банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Увалиев осы қылмыстың ұйымдастырушысы деп танылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 2012 жылдың қазан айында Увалеев РКПИ атынан төлем тапсырмасын жасаған және ұрланған қаражаттарды компанияның бақылауында болған компания шотына аударған.

Банк менеджері Жүндіғұлова 6 жыл бойы қылмыстың жасырын жүруіне көмектескен. Банк қызметкері ай сайын "РКПИ" есеп беру бөліміне дұрыс емес мәліметтерді көрсете жолдап отырған. 


Тергеу барысында күдіктілер кінәсін толығымен мойындады. Тергеу кезінде күдікті Увалеев бақылауда болды.

Увалеев пен Жүндігұлова №2 Сарыарқа аудандық сотының қаулысымен кінәлі деп танылды. 

Айта кетейік, бұған дейін "Астана банкі" сот шешімімен жұмысын тоқтатқан болатын.