Шара барысында аз қамтылған отбасылар ішінен 160 мыңға жуық балаға 600 млн. теңге көлемінде, соның ішінде 100 мыңға жуық балаға демеушілер арқылы 250 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сондай-ақ білім берумен қамтылмаған балалардың (білім берумен қамтылмаған 66 бала анықталды, 29 бала мектепке қайтарылды) бар-жоқтығын анықтау бойынша тексерулер жүргізілді.
Акцияға мемлекеттік қызметшілер, республиканың барлық өңіріндегі әкімдіктер, кәсіпкерлер, түрлі нысан меншігіндегі ұйымдар мен өндіріс орындары белсене араласты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шараның мақсаты - әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттардағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, оқу құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.