16-17-сәуірде Түркия кеден мекемесінің басшысы Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасымен кездеседі

Невзат Сайгилиоглы мен Ерлан Қожағапанов ҚР кедендік бақылау агенттігінің кинологиялық орталығында болып, еліміздің іскерлік өкілдерімен және сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірде Түркияның кеден қызметінің жетекшісі Невзат Сайгилиоғлыны ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға түрткі болу, өзара тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізу, инвестициялық ахуалды жақсарту, республиканың заңнамалық базасын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды. Осыған байланысты, кездесуде атап өтілгеніндей, екі мемлекеттің кеден қызметтерінің ролі арта түспек.
Сондай-ақ, кеден ісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, Түркия мен Қазақстанның кедендік заңдарын өзара үйлестіру, электронды кеден құру, есірткі контрабандасымен күрес саласында күш біріктіру жайында талқыланды.