1-7 наурыз аралығында Алматыда «Казақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі болмақ

Соңғы жылдары Қазақстанның кино саласы қарқынды дамып келеді. Үрдісті даму барысында тек көпжанрлы көркем фильмдер ғана түсіріліп қоймай, сонымен қатар, жыл сайын мәдениет, ғылым саласын қамтитын 30-40 жуық деректі фильмдер де түсіріліп жатқандығы белгілі. Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» атты фестиваль соның айғағы іспетті.

Бір апта бойы көрермендер назарына елге, өнерге қалтқысыз қызмет еткен ұлы тұлағалардың өмірінен сыр шертетін фильмдер ұсынылады.
Сондай-ақ, көрермендер көрсетілім барысында фильмнің кейіпкеркерлерімен, режиссерлермен пікір алмасып, сұхбаттаса алады.
Көрсетілімнің басталуы сағат 11:00 де.

Фильмнің атауы Көрсетілім күні Фильмнің режиссері
«Қорқыт — күй тарихы» 01.03.2011 Берік Барысбеков
«Мұхтар Әуэзов - Триумфатор трагедиясы» (2 бөлім) 02.03.2011 Александр Головинский
«Нұрмұхан Жантөрин»
03.03.2011 Болат Шәріп
«Әбіш Кекілбаевтың әлемі» 04.03.2011 Жанабек Жетіруов
«Төрегелді Шарманов – Әлем азаматы» 05.03.2011 Бахыт Қайырбеков
«Өмір Дастан» (Сәбит Оразбаев) 06.03.2011 Қазбек Әміржанов
«Бибигүл Төлегенова – Аңыз адам портреті» 07.03.2011 Игорь Гонопольский

Аккредитация жөнінде мына телефон бойынша хабарласуға болады: 313-11-32,
8 777 288 99 70 Айжан.