17 қаңтар күні қар, бұрқасын, кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кейбіңр жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын, желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын, желдің 17-22 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с соғатын жел, түнде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман болады.

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтардықтай өзгерістер күтілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ескерту жарияланған болатын: 15-17 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады, 17-22 м/с дейін соғатын екпінді жел күтіледі.