Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қаулының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың отбасы болып еліміздегі курорттарда демалуын ынталандыру.
Ол үшін мемлекет екі жастан 17 жасқа дейінгі балаларға сатып алынған авиабилеттердің құнын субсидиялайды. Ақша туристік өнім ішінде сатып алынған әуе билеттері үшін қайтарылады.
"Енді балалар Қазақстанның кез келген жеріне тегін ұша алады. Жалғыз талап – демалыс ұзақтығы қандай болса да, билетті туристік агенттен сатып алу қажет. Билеттің құнын алдымен туристік компания төлейді", - деп хабарлады Kazakh Tourism.
Осылайша балаларға билетті тегін алу шарттары жеңілдетілді: бұрын Қазақстанның 10 курорттық бағыты бойынша және ұзақтығы кемінде төрт түн болатын демалыс үшін билет құнын өтеу жоспарланған.