17-маусымда парламент үкімет пен есеп комитетінің 2003-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдайды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында аталмыш мәселе бойынша мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Виктор Иванов баяндама жасайды.

Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысында 2003-жылғы республикалық бюджеттің көрсеткіштері былай деп көрсетілген : бюджет түсімдері 722,0 млрд. теңге, бюджет шығындары 773,9 млрд. теңге. 2003-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек: Жалпы ішкі өнім мөлшері 4449,8 млрд. теңге, Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 9,2%. Жылдық орташа инфляция деңгейі 6,4%-ті, ал инфляциялық болжам 5,9%-ті құрады. АҚШ долларының бағамы 149,5 теңге болды. Сыртқы сауда айналымы өткен жылғымен салыстырғанда 31% немесе $21,2 млрд болды.