17-ші қабаттан құлаған студент тірі қалды


Ауыр соққыдан қолы, бас сүйегі мен аяғы сынған, сондай-ақ өкпесі мен көкбауыры зақымданған бозбала ені 60 см-ге де жетпейтін тар қуыста 1 жарым тәуліктен астам уақыт ес-түссіз жатқан. Құтқарушыларға 19 жасар екінші курс студентін алып шығу үшін қабырғаны бұзуға тура келген. Періштесі қағып аман қалған, ауыл қалдегі жас жігіт шұғыл түрде Беллевью ауруханасына жеткізілді.