18 адам мәслихат депутаттығынан өз кандидатураларын қайтарып алды

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, олардың барлығы да өз өтініштері негізінде кері қайтарған.

12-тамыздағы жағдаймен еліміз бойынша 7531 кандидат тіркелді. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 1805 кандидат тіркелді. Атап айтсақ, Ақмола облысынан - 86, Ақтөбе облысынан - 43, Алматы облысынан - 90, Атырау облысынан - 36, Шығыс Қазақстан облысынан- 117, Жамбыл облысынан - 167, Батыс Қазақстан облысынан - 63, Қарағанды облысынан - 202, Қызылорда облысынан - 88, Қостанай облысынан - 89, Маңғыстау облысынан - 74, Павлодар облысынан - 66, Солтүстік Қазақстан облысынан- 74, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 185, Астанадан - 175, Алматыдан - 250 кандидат тіркелді.
Аудандық мәслихаттарға 3664 кандидат тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан - 320, Ақтөбе облысынан - 158, Алматы облысынан - 323, Атырау облысынан - 149, Шығыс Қазақстан облысынан- 361, Жамбыл облысынан - 367, Батыс Қазақстан облысынан - 181, Қарағанды облысынан - 253, Қызылорда облысынан - 271, Қостанай облысынан - 284, Манғыстау облысынан - 76, Павлодар облысынан - 152, Солтүстік Қазақстан облысынан- 203, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 566 кандидат тіркелді.
Қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткер ретінде 2062 адам тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан - 94, Ақтөбе облысынан - 29, Алматы облысынан - 83, Атырау облысынан - 31, Шығыс Қазақстан облысынан- 294, Жамбыл облысынан - 109, Батыс Қазақстан облысынан - 81, Қарағанды облысынан - 463, Қызылорда облысынан - 55, Қостанай облысынан - 221, Манғыстау облысынан - 72, Павлодар облысынан - 144, Солтүстік Қазақстан облысынан- 73, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 313 адам тіркелді.