"18 млрд теңге": Қызылорда облысында стадион салуға қыруар қаражат бөлінген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Тапсырыс беруші – «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды тұрғызу (салу) бойынша жұмыстар; Қосымша сипаттама – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында 7 мың орындық стадионның құрылысы. байланыстыру; жоспарланған сома 18 399 671 740 теңге», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Өтінімдерді алдын ала қабылдау 6-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі.