18 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 57,99% дауыс берді

Атап айтсақ, ОСК мәліметтерінше, Ақмола облысында тіркелген сайлаушылардың 59,77%-і , Ақтөбе облысында - 62%, Алматы облысында - 78,82%, Атырау облысында - 63,71%, Шығыс Қазақстан облысында - 60,02%, Жамбыл облысында - 67,71%, Батыс Қазақстан облысында - 47,39%, Қарағанды облысында - 59,92%, Қызылорда облысында - 69,22%, Қостанай облысында - 68,96%, Маңғыстау облысында - 40,22%, Павлодар облысында - 48,85%, Солтүстік Қазақстан облысында - 68,87%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 64,53%, Астанада - 33,77%, Алматыда - 19,8% дауыс берді.

Жоғары белсенділік танытқан Алматы облыстарының тұрғындары болса, ең жайбасар сайлаушылар Алматыда тіркелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті