Тек Қазақстанның солтүстігінде және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді, Алакөл ауданында жел екпіні 28 м/с .
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Қостанай, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.