18 - шілдедегі жағдаймен 31 адам сенат депутатының мандатынан үміткер ретінде тіркелді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылы 16 сенатордың өкілеттілік мерзімі аяқталады. Олардың орнына 75 адамның кандидатурасы ұсынылды (1 адам өз кандидатурасын кері қайтарып алды). Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 6 адам өз бетімен ат ұсынып, олардың кандидатурасын мәслихаттар қолдады. 57 адам дербес ат ұсынса, 18 адамның атын мәслихаттар ұсынды. Парламент сенатының қазіргі депутаттары арасынан 13 адам сайлауға қатысуға ниет білдіріп отыр.

Сенат депутаттығыанн үміткерлердің атын ұсыну бүгін, 18-шілдеде аяқталады. Ал тіркеу 29-шілдеде тәмамдалуға тиіс. Қазіргі жағдаймен сайлау комиссиялары Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төрт кандидаттан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында үш кандидаттан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астанада екі кандидаттан, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір кандидаттан тіркелді. Алматыда сайлауға үміткер ретінде қатысудан ниет білдірген 10 адамның қазіргі жағдаймен бірде-бірі тіркелген жоқ. Қарағанды облысында да 7 үміткерден бір адам да тіркелген жоқ.
Парламент сенатының сайлауы 19-тамызға белгіленген.