18 жасар сарбаз түрме мұнарасында атылып өлді

Алайда, командирлердің суицид деген үйреншікті уәжіне марқұмның туыстары сенбей отыр. Айтуларынша, ұлдары күні кеше телефонмен хабарласып, үйінен 20 мың теңге және су жаңа қол сағат сұратыпты. Оны әлімжеттік көрген жауынгер өзінен бұрын келген сарбаздарға бермек болған екен. Мырзатай Сапарбаев өлер алдында ауылдағы жолдастарына да дәл осындай өтінішпен қайта қайта қоңырау шалыпты.             

Несібелі Тілемісова, марқұмның туысы: 

-Қастандық жасаған келісім-шарттағылар мен командирлері. Бұл шындық! Бауырымызды отан қорғау үшін тірідей әлпештеп жібереміз. Ал оны табытпен әкелсе, біз сонда не үшін, ендігі жағдайда қалай сеніп борышын атқарсын деп жібереміз?

Жалпы, Қарағандыдағы№6505 әскери бөліміндегі бұл бірінші оқыс оқиға емес. Соңғы 2 жылда мұнда 3 бірдей сарбаз өз-өзін атып өлтіріпті. Бірақ, тым «суицидшіл» әскери бөлімше, керісінше, әлсіз солдаттарды кінәләп, өздеріне шаң жуытпай отыр.


Қанат Дос, "Орталық" әскери қолбасшылығының баспасөз хатшысы:

-Ол сарбаз басында «Мен әскери қызметті өтегім келмейді» деген сөздер айтқан болатын. Ол жазба түрінде де, таспа түрінде де - барлығы бар.  Алдын ала түсірілген қағазда жазылған. Офицерлер құрамынан да, келісім-шарт әскери қызметшілер бойынша да ондай жарғыдан тыс әрекеттер болмағанын мен тағы да кесіп айтқым келіп отыр.