Онда келесі жылы «А» тобында бақ сынауға мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынған болатын. Қазақстан мен Беларус құрамалары арасындағы бұл ойын 5:6 есебімен аяқталды. Василий Васильченко жаттықтыратын қазақстандықтар кездесудің бірінші кезеңінде 4:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Екінші кезеңде 0:3 есебімен қарсыластарына есе жіберіп алды. Ал үшінші кезеңде 1:0 есебімен басым түскенімен, жалпы есеп 5:6 боп аяқталды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы келесі жылы да "В" тобында өнер көрсететін болды, ал Беларус спортшылары "А" тобында бақ сынауға қол жеткізді.