19 жастағы мас бойжеткен «Астана-Ыстамбұл» рейсінде шу шығарды

«4 шілдеде сағат 18.50 Астана қ. әуежайындағы полицияның желілік бөліміне «Эйр Астана» АҚ агентінен «Астана-Ыстамбұл» бағытындағы әуе кемесінің бортында тәртіпсіз жолаушы бар екені туралы хабар түсті. Ол Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Азаматша ащы суды пайдаланған»,- делінген хабарламада.

Мас күйде болған ол тәртіпсіздікке барып, ескертулерді елемеген. Қызды аталған рейстен түсіріп тастады.

Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, құқықбұзушы орташа дәрежеде мас болған.


Астана қ. әуежайындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘКБтК 440-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.