190 қаңғыбас иттің көзі жойылды - Қызылорда облысы


Қазіргі таңда үй иелері жеті қазынаның біріне саналатын иттеріне жөнді қарамауы себебінен көптеген иттер қаңғыбас,  иесіз боп төрт түлікке, кей жағдайларда адамдарға шабуыл жасау фактілері кездесіп жүр.

Осындай әрекеттердің және адамдар мен малдарға ортақ паразитарлық ауру-эхинококкоз, лейшманиоз, құтырудың  алдын алу шараларын ұйымдастыруға, бұралқы ит-мысықтарды жоюға өткен жылы 3 жылы 1 млн. 200 мың теңге қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде ауданда 1701 иесіз қаңғыбас ит ауланып, арнайы полигонда жойылды. Ал аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Саховтың мәліметінше, бұл бағытқа биылғы жылға 858 мың теңге қаржы бөлініпті. Үстіміздегі жылдың  екі айында 190 иесіз қаңғыбас ит жойылған.