1993 жылы алғашқы теңгеге не сатып алынды: алматылықтар естеліктерімен бөлісті

Алматылықтардың алғашқы отандық ақша туралы естеліктері туралы ролик Facebook желісіндегі "Женский Базар" видеоблогында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   

"Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасының "туған күні". Содан бері 24 жыл өтіпті, дегенмен, адамдар теңгемен жасаған алғашқы саудаларын ұмытқан жоқ. Рубльден бас тартып, алғаш рет жаңа ақша қолыңызға тигенде өзіңіздің не сатып алғаныңыз есіңізде ме және оның бағасы қанша еді?", - деген сұрақ қойыпты ролик авторлары желі қолданушыларына. 

Тұрғындар рубльдерді жаңа валютаға айырбастаған кезде әр адамның қолына 200 теңгеден тигенін есіне алды. Олардың сөзінше, ол кезде 100 теңгеге бір қой, ал 400 теңгеге бір сиыр алуға болатын. 

"Қолымызға алғаш ақша тигенде, 8 теңгеге пәтерді жекешелндіргенмін", - дейді ер адам. 

"Түсініксіз қағаз, бірақ, олар бір күш беретіндей. Біз кезекте тұрып, оларды қимаған едік. Нанда қымбат болатын. Жаңа теңгемен нан арасында бір теңдік бардай сезілетін", - дейді тұрғындардың бірі. 


Кей адамдар 90-жы жылдары бір бөлке нан 25 тиын тұрғанын есіне түсірді.  "Ол айырбас күні болатын. Жұмыстан шығып, теңге не екенін және қаншадан екенін білгім келген. Ал менің алғаш сатып алғаным сникерс шоколады болатын.

Ол кезде құны 4 теңге", - дейді белгілі журналист Полина Шиманская. 

Қазақстанда 15 қараша Ұлттық валюта күні болып есептеледі. 1993 жылы елімізде бір доллардың құны 4,7 теңге болған.