19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталады

Шараға жалпыұлттық БАҚ-тардың басшылары, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, қоғам және саяси қайраткерлер, танымал журналистер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 280 делегат қатысады.

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, форумға ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов, мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов, әділет министрі Оңалсын Жұмабеков тәрізді ресми адамдар қатысады. Сондай-ақ, елімізде аккредитацияланған елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері де шақырылған.
Конгресс бағдарламасына сәйкес, онда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, Қазақстанда жарнама нарығын дамыту, Қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік мекемелермен ықпалдастығы, масс-медианың баспасөз қызметтерімен арақатынасы, журналистерді дайындау стандарттарына деген жаңаша көзқарас мәселелері сарапталады.
Конгресс жұмысының екінші күні, 20-ақпанда Қазақстан журналистері конгрессінің "Жыл журналисі" атты сыйлығы табыс етіледі.