1-мамырдан бастап елімізде дизель отынының бағасы қымбаттайды

Бұл туралы мемлекеттік Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев мәлім етті.

«Жуық арада бензин бағасы қымбаттамайды. Ал, дизель отынының бағасы қымбаттайды. Қазір агенттікте жаңа формула бекітіліп жатыр. Сол бойынша дизель отынының бағасы есептеліп, ертең, яғни, мамыр айынан бастап дизельдің бағасы қымбаттайды. Бағаның қаншалықты қымбаттатйны жөнінде айта алмаймын», - деді А.Дүйсебаев сәрсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Қазақстанда мемлекеттік органдар бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдеріне шектеулі баға белгілеп отырады. Қазіргі таңда Аи-80 маркалы бензин бағасы 89 теңге, Аи-92 – 115 теңге, дизель отыны – 102 теңге тұрады.