1-маусымнан бастап Қостанайда газ бағасы қымбаттайды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің айтуынша, бағаны қымбаттату - мәжбүрлі шара. Оған табиғи газды босату құнының қымбаттауы әсер етті. Ресейліктер бағаны 10 процентке көтерді, деді С.Кулагин. "Келіссөздер 4 айға созылды. Бірақ біз шегінімге қол жеткізе алмадық",- деді ол.

Алайда С.Кулагиннің айтуынша, "жергілікті монополист қызмет бағасын көтерген жоқ". Сөйтіп, 1-маусымнан бастап Қостанайдағы пәтер тұрғындары тұтынған газ үшін бір адамға бұрынғыдай 131 теңгенің орнына 138 теңге төлейтін болады.