1-наурызда мазут экспорттауға салынған уақытша тыйымның мерзімі аяқталды

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, ҚР үкіметінің 2003-жылғы 17-қыркүйектегі қаулысымен ел ішіндегі экономикалық сұранысқа орай жеткілікті мөлшерде қор жинақтау қажеттігіне сәйкес республика аумағынан мазут шығаруға салынған тыйымның мерзімі 2004-жылдың 1-наурызына дейін созылған болатын.

Ал 6-қаңтарда ҚР үкіметі 2004-жылғы ақпанға дейін Қырғызстан Республикасына 15 мың тонна мазут экспорттауға рұқсат беретін қаулы шығарды.
Мұндай шешім қыс маусымында қосымша электр қуатын өндіру үшін Қырғызстандағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадынан Сырдарияның төменгі сағасына қарай су жіберу мөлшерін азайту мақсатымен, сондай-ақ, көршілес реуспубликадағы отын тапшылығына байланысты қабылданған болатын.