1-қаңтардан бастап Алматы мен Алматы облысында жылу мен суды босату бағасы қымбаттайды

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір текше метр суды магистральді құбырлар арқылы жіберу құны қазіргі 28 теңге 69 тиынның орнына 58 теңге 44 қиынға, жылу өндіру қызметі 2536 теңге 86 тиын/Гкал орнына 2622 теңге 71 тиынды құрауы тиіс.

Бұған «Бастау» МҚК көрсететін қызмет бағасының қымбаттауы түрткі болып отырған көрінеді.

Хабарламаға сүйенсек, жылу бағасының өсуі отынның қымбаттауына тікелей байланысты болып отыр. Отындық мазут – 37,7 пайыз, байытылған Қарағанды көмірі – 8,5 пайыз, байытылмаған Екібастұз көмірі – 6,9 пайыз, табиғи газ – 1,8 пайыз қымбаттаған.