"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 1-қыркүйегінде сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.
Бірлескен отырыста үшінші шақырылған парламенттің төртінші сессиясы ашылады. Еліміздің Ата заңына сәйкес, парламент сессиясының ашылуына ел президенті қатысады.