1-ші қаңтардан зейнетақы көбейетін болды


Бейнеттің зейнетін көріп жүрген жандар үшін бұл жағымды жаңалық бүгін аталмыш ведомствоның алқа жиынында мәлім болды. Тиісті құжат жақын күндері Үкіметке жіберілмекші. Осылайша, ең төменгі зейнетақы 17 жарым мыңнан 19 мың теңгеге көтеріледі. Биыл да зейнетақы 9 пайызға өскен болатын. Ал жыл сайынғы инфляция мөлшері 8 пайыздан кем емес. Сондықтан Үкімет тұрғындардың сатып алу мүмкіндігін төмендетпес үшін зейнетақы мөлшерін де өсіруді шешкен.