1-шілдеден бастап Қазақстан аумағында көші-қон карточкалары енгізіледі

1-маусымнан бері көші-қон карточкалары халықаралық әуежайларда таратыла бастаған болатын. Көші-қон карточкалары екі ортада визасыз қатынау тәртібі енгізілген елдердің азаматтарына тегін таратылатын болады. А.Сергеевтің айтуынша, көші-қон карточкасы шекарадан өткен шетелдіктерді есепке алу және олардың ел аумағындағы қозғалысын мұқият қадағалауға мүмкіндік береді.

Көші-қон карточкаларымен бір уақытта шетелдік азаматтарды тіркеудің электрондық жүйесі енгізілмек. Сондай-ақ, шетелдік азаматтарды тіркеу тәртіптері жөніндегі ҚР ІІМ-нің жаңа бұйрығы дайындалу үстінде. Ол бойынша шетелдіктерді тіркеу процедурасы біршама жеңілдетіледі деп күтілуде.