2 ақпанда Мәдениет сарайында «Жас қанат» байқауы өтеді - Өскемен

Байқау Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, қазақ ұлтының, жас ұрпақтарының орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

І тур - сағат 10.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)

ІІ тур (концерт) - сағат 18.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)

Облыстық іріктеу топтан өткен жас орындаушылар 2013 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық «Жас Қанат» байқауына қатысуға жолдама алады.

Байқаудың шарттары:

· Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән ансамбльдері қатысады;

· Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды, бірақ, әннің өңделуі міндетті түрде заман талабына сай болады.

· Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;

Кіру тегін.