"2 ақпаннан сақ болыңыз": Нумеролог халыққа маңызды ескерту айтты


Себебін Caravan.kz медиа-порталына белгілі маман Құралай Бақыт түсіндіріп берді. 

"Ең бірінші ескерту эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз. 2 саны эмоциямен байланысты. Ал, күнтізбенің бүгінгі күнінде 2 саны өте көп. 2 кез келген нәрсені тез тартатын қасиетке ие. Жаман болсын, жақсы болсын тез тартылады. Сондықтан, барынша байқап жүріңіз. Жақындарыңызбен ұрсысып қалмауға тырысыңыздар. Жалпы, ақпан айы осы жылдың қиын айларының бірі. Осы айда алыс сапарға шығу, ота жасату деген сияқты күрделі істерді кейінге қалдыра салыңыз. Бұл айда адамдардың көп күйзеліске түсуі қалыпты. Осы айдың ауыр күндері: 9 ақпан, 22 ақпан", - дейді ол.