2 мәрте айырылыстық: Динара Қырықбаева күйеуімен қалай табысқанын айтты

Осы орайда Динара күйеуімен қалай табысқаны жайлы қызықты оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бүгін қуанышыммен бөліскім келіп отыр. Мына кереметтей азаматпен отбасын құрғаныма 3 жыл өтті. Екеуміз менің әпкем арқылы танысқанбыз. Ол кезде менің жасым – 20-да, ал ол 24-те. Әпкем мейірімді, елгезек, жақсы жігіт бар екенін, онымен міндетті түрде танысуым керектігін айтқан”, – дейді Динара.

Жұлдызды бикеш болашақ жарын 20 жасында кездестіргенімен, бірден табыса қоймаған. Алғашқыда махаббат ұшқыны пайда болғанымен, көп ұзамай екі жас екі бөлек кеткен. Алайда тағдыр шын ғашықтарды қайта табыстырған ұқсайды.

“Ол маған хат жазды, кейін екеуміз бірнеше рет кездестік, бірақ соңы дұрыс болмай, тез айырылысып кеттік. Арада бірнеше жыл өткен соң дәл сол әпкемнің тойында бұл жігітпен қайта кездестік. Сезім қайта тұтанып, қайта айырылыстық. Бірақ бірнеше жылдан кейін қайта табысып, айырылыса алмадық. Қазір өте бақыттымын. Олжас – ең керемет әке, тамаша жар, маған тұрмыста да, балалармен де көмектеседі. Үшінші рет келіскен кезде дұрыс таңдау жасаппын”, – деп бөлісті Динара Қырықбаева.