2 маусымнан Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына әуе рейстері ашылады

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының ресми сайтында хабарланған. 

Алдағы уақытта елорда тұрғындары мен қонақтары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді «Боинг-767» әуе лайнерімен аптасына бір рет - сейсенбі күні және Тбилиси қаласына Эмбраер-190 бортында аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.
Жаңа бағыттар жолаушылар ағынын арттырып, елдер арасындағы туристік және экономикалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana.kz


Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Астанадан Дубай, Гонконг, Сингапур, Нью-Йорк және Токио бағыттары бойынша рейстер ашылады.