2 қыркүйекте еліміздің батысы мен шығысында күн ашық болады


деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, тек батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-22 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. 

Түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.