2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні

Психологтардың айтуынша, кітап оқу стресс деңгейін 68%-ға төмендетеді. Сондықтан, балалардың үнемі көңіл-күйде болуы үшін кітап оқуға баулу керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халықаралық балалар кітабы күні ұлы ертегіші және балаларға арналған сиқырлы кітаптарды жасаушы Ганс Кристиан Андерсеннің туған күніне арналған.

Андерсен барлығы 3342 шығарма жазды, оның шығармалары 125 тілге аударылған және ізгілік пен өміршеңдіктің мызғымас тағылымын білдіреді. («Дюймовочка», «Қар ханшайымы» «Ұсқынсыз үйрек», «Бұршақ үстіндегі Ханшайым», «Жабайы аққулар», «Қайсар қалайы сарбаз» , «Оле Лукойе», «Шошқа бағушы». «Бұлбұл»).

1967 жылдан бастап әлемде балалар әдебиетінің мерекесі тойлана бастады. Сонымен қатар, IBBY негізін қалаушылар мен белсенділері екі жыл сайын үздік жазушыны таңдап, оны беделді Андерсен сыйлығымен марапаттайды.

Алматыда ең көне С.Бегалин атындағы кітапхана болса, "ALATAU CREATIVE HUB" заманауи кітапханасы ең соңғы үлгідегі балалар кітапханасы болып саналады.