Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқымбековтың телеарнаға хабарлауынша, Олимпиада алауы Республика сарайынан астау алып, Достық, Әл-Фараби, Фурманов, Сәтпаев, Желтоқсан, Абай, Достық, Қабанбай батыр, Абылай хан даңғылдарымен Астана алаңына дейін алып өтеді.
Б. Айқымбеков Алматы қалалық жол полициясы басқармасының жеке құрамы толығымен жолдағы жағдайды қадағалайтынын мәлім етті және көлік иелеріне өз бағыттарын алдын ала ойластыруға кеңес берді, деп хабарлайды телеарна. "Мен бүкіл азаматтар мен жол қозғалысына қатысушыларды шыдамдылық көрсетіп, барлық туындаған қиыншылықтарға түсіністікпен қарауды өтінгім келеді", - деді қалалық жол полициясының бастығы.
Бұрын хабарлағанымыздай, үкіметтегі селекторлық жиналыс барысында туризм және спорт вице-министрі Қобыланды Мусин Олимпиада алауы Алматыға 2008 жылдың сәуірінде жеткізілетінін хабарлаған.
"Бұл шара Алматыда 2008-жылдың 2 сәуірінде өтеді деп жоспарланған", - деді Қ. Мусин. "Біз олимпиада алауы жүріп өтетін бағытты белгілеп қойдық", - деді ол.
Еске сала кетейік, 2008-жылғы олимпиада алауы Афины мен Пекиннен кейін үшінші болып Алматыға әкелінбекші.