2 тоннадан аса феррохром ұрлаған Семей қаласының 5 тұрғыны ұсталды

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

34 жастағы азаматтың басқаруындағы «Газ 53-Б» автокөлігінде  жалпы салмағы 2350 келі болатын ферроқорытпа тиелгені анықталып, жүргізушісі ұсталды.

Тексеру барысында феррохромның  17 сәуір күні «Известсковая-Шаған» станциясындағы өткелде жүк поезынан ұрланғандығы анықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған зат тәркіленді. Бұдан кейін  осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тағы 4 тұрғыны ұсталып, Семей ст. ІІЖб-не жеткізілді.

Ұсталғандар - 1977, 1982, 1983 және 1987 жылдары туылған азаматтар.


Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі, 1-тармағына (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.