2 жасар бала анасының көз алдында көлік ішінде отқа оранды

Оқыс оқиға 12 сәуір күні шамамен сағат 14:30 болды.  Ыстықкөл облысындағы Семеновка ауылының 22 жастағы тұрғыны Кичи-Ак-Суу шатқалынан «Москвич ИЖ Комби» маркілі көлігімен үйіне келе жатқан. Ол автомобиль салонына ішінде жанар-жағар майы бар 5 литрлік ыдысты қойған.

Қауіпсіздік техникасы сақталмағандықтан, жол бойында ішінде жанар-жағар майы бар канистр өртенген. Бұдан шошынған жүргізуші көлікті күрт бұрған сәтте,аударылып кеткен.

Жүргізуші мен екі ересек жолаушы машинадан шығып үлгерді. Ал 2 жасар бала салонда қалып қойды. Бүлдіршін 23 жастағы анасының көзінше тірідей отқа оранды.


Жүргізуші мен жолаушылардың бірі Ананьево ауылындағы ауруханаға жеткізілді.