2 жасар өгей ұлын тепкілеп өлтірген әке 23 жылға сотталды


Жаға ұстатар осы жайт алдыңғы хабарларымызда көрсетілген. 29 жастағы азғын өзіне теледидар көруге кедергі жасаған өгей ұлын бастан бірнеше рет ұрып өлтірген. Бір айтары, қылмыскер бұған дейін де сәбиге талай мәрте қорлық көрсеткен екен. Бүлдіршіннің денесіне темекісін сөндіріп, тіпті қолдарын сындырыпты. Ақыры жанына жақпаған нәрестені өлтіріп тынған ол Ресейге қашпақ болғанда шекарадан өтуге үлгермей ұсталған. Енді жазықсыз сәбиді жазым еткен жауыз әке 23 жылын ерекше тәртіптегі колонияда өткізетін болды.