Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда нәтижесінде доллардың салмақты орташа бағамы 494,66 теңге болып, бірден 4,89 теңгеге өсті.
Ресей рублі 6,44 теңгеге көтерілді (+0,07).
Қытайдағы мерекелік күндерге байланысты юань бойынша сауда жүргізілмеді.
Айырбастау пункттерінде бағамдар келесідей:
Дүниежүзілік мұнай бағалары 20 ақпанда төмендеді:
Brent мұнайының сәуірлік фьючерстері ICE Futures электрондық саудасында 0,25% төмендеп, баррельге 71,48 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірлік фьючерстері 0,26% арзандап, баррельге 66,23 долларға жетті.
Таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 489,17 теңге, еуроны – 576,63 теңге, рубльді – 6,38 теңге деп бекітті.