Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 538,12 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,64 теңгеге жоғары.
Ресей рублі керісінше 6,64 теңгеге дейін төмендеді (-0,02), ал қытай юані 75,64 теңгеге дейін өсті (+0,47).
Валюталық айырбастау пункттерінде:
Сол күні әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері ICE Futures электронды саудасында 0,62%-ға, яғни барреліне 60,91 долларға дейін арзандады.
Ал WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері NYMEX алаңында 0,66%-ға, яғни барреліне 56,77 долларға дейін төмендеді.
Таңертең Ұлттық банк ресми айырбас бағамын төмендегідей белгілеген еді:
доллар – 536,32 теңге,
еуро – 626,9 теңге,
рубль – 6,6 теңге.