20 мамырдағы саудада доллар бағамы аздап төмендеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 471,77 теңгені құрады. Бұл алдыңғы бағамнан 0,32 теңгеге төмен.

Ресей рублінің бағамы керісінше өсіп, 6,65 теңгеге жетті (+0,02 теңге).

Ал юаньның орташа бағамы 69,20 теңге болып, 0,02 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 471–473 теңгеден саудалануда, еуро 547–550 теңге аралығында, рубль 6,44–6,59 теңге шамасында саудаға түсуде.

Сонымен қатар, 20 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 2,11%-ға арзандап, барреліне 109,73 доллар болды.

Ал NYMEX биржасында WTI мұнайының шілде айындағы фьючерстері 1,53%-ға төмендеп, барреліне 102,78 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын – 471,93 теңге, еуроны – 548,43 теңге, рубльді – 6,61 теңге деп белгілеген болатын.